Алматы облысында құдықтан үш адамның денесі табылды

17 Қыркүйек, 07:23 650

Алматы облысының Кеген ауданындағы құдықтан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті полицияда тіркелген.

Болған жайттың мән-жайы анықталуда.

Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар су мәселесін шешу үшін құдыққа түсіп, тұншығып көз жұмған.

Зарина Арман
Бөлісу: