Алматы облысында қойма өртенді

10 Сәуір 2024, 17:14 715

10 сәуірде Алматы облысында алапат өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт Қаскелеңдегі қоймадан шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелеңде бөлек тұрған бірқабатты қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, – делінген ТЖМ мәліметінде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: