Алматы облысында қар көшкіні түсірілді

17 Ақпан, 20:30 1449

2024 жылғы Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінің шаңғы базасында қар көшкінін жоспарлы профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, теңіз деңгейінен 2664 м биіктікте «Ақбұлақ»базасының көшкін жиналған жерлерінде ГАЗЕКС құрылғысының көмегімен 5 жарылыс жүргізілді. Жалпы көлемі: 380 текше метрді құрайды.

Алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының Алматы облысы ТЖД, «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешеннің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды, - делінген мәліметте.

Демалушыларға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы брошюралар таратылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: