Алматы облысында полицияның өліміне байланысты тексеріс басталды

6 Қараша 2023, 11:20 1054

Алматы облысының полициясы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша мұқият тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балқаш ауданының полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығы пәтерлерінің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша дереу тіркелді.

Қайтыс болған азаматтың отбасылық қатынастарда жеке проблемалары болғанын, бұл да қылмыстық істі тергеу шеңберінде тексерілетін айта кеткен жөн, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды. ҚР ҚК 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: