Алматы облысында мектепке бала таситын көлік оқушыны басып өлтірді

Бүгiн, 16:17 276

Алматы облысында оқушыларды мектепке таситын көлік баланы басып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде шағын автобус астында кішкентай бала жатқаны түсірілген видео пайда болды. Автокөлік жүргізушісі мектеп маңында баланы қағып өлтірді. Оқиға "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жер жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына мүлдем бейімделмеген: жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдама жоқ.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі редакцияға берген мәлімет бойынша, 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі тұрақ аумағында артқа жүріп бара жатып, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: