Алматы облысында көші-қон ережесін бұзған 175 шетелдік анықталды

12 Тамыз, 15:52 495

Өткен демалыс күндері Алматы облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен «Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығын тексерді. Нәтижесінде ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 175 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі ҚР аумағына жұмыс істеу үшін кірген. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: