Алматы облысында көшеде көкпар тартқандар ұсталды

4 Қыркүйек 2023, 09:05 630

Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандар ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Департамент басшысының мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 21:40-та Қонаев қаласындағы «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түсті.

2 қыркүйекте 1979 жылы туған азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаланың шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық ПБ-на жеткізді, - деді Бауыржан Аленов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бауржан Аленов (@baurzhan__alenov)

Көкпарға қатысқан барлық адамдар Р ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: