Алматы облысында колония бастығы пара алған

9 Наурыз, 04:36 942

Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының  ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.

Зарина Арман
Бөлісу: