Алматы облысындағы жолда жеңіл көлік толықтай жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 23 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Құлжа жолында жеңіл автокөлік толықтай өртеніп кеткен.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өрт сағат 23:20-да сөндірілді.
Өрт орнында ТЖД жеке құрамның 4 адамы және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.