Алматы облысында кезекті қару-жарақ сақталған орын табылды

10 Желтоқсан 2022, 16:00 1534

Тергеу шаралары жүргізілуде

Алматы облысында кезекті рет қару сақталған жер табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.  

9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару  сақталған орын табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шу гранатасы тәркіленді. Тергеу шаралары жүргізілуде.

EL.KZ
Бөлісу: