Алматы облысында ер адам таудағы өзенге ағып кетті

11 Тамыз, 17:33 474

Алматы облысында ер адам ағысы қатты таудағы өзенге батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жедел-құтқару отряды марқұмның денесін суға түскен жерінен 1 км қашықтықтан тапты. Денесі шығарылды. Полиция қызметкерлеріне табысталды», — делінген хабарламада. 

ТЖМ жедел-құтқару отряды хабарынша, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында 1961 жылы туған азамат отбасы сондай-ақ достарымен бірге демалып жүрген. Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: