Алматы облысында ер адам әйелін 6 мың теңге үшін ұрып тастады

7 Маусым, 17:25 1403

Алматы облысы Шамалған ауылында ер адам әйелін 6 мың теңге үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Екеуінің арасындағы жанжалға куә болғандар видеоға түсіріп алған. Ер адам әйелге айқайлап, ақша сұрағанда неге жібермедің деп ұрыс шығарады.Әрі қарай ер адам алты мың теңгені қайда салғанын түсіндіруді талап ете етіп, ұра бастайды.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі бұл факті бойынша полицияға хабар түспегенін мәлімдеді. Ақпаратты тексеру үшін мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ерлі-зайыптының арасында отбасылық жанжал болғаны анықталды. Әйел күйеуінің соққыға жыққанын жоққа шығарып, шағымы жоқ екенін айтты.

Полицейлер денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша жиналған материалды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: