Алматы облысында ер адам ас қасықты әдейі жұтқан

4 Ақпан 2023, 13:16 1195

Бұл туралы ДСМ мәлім етті

Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Медициналық мекеменің хирург дәрігері Тахир Закірұлы Шкурәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайлардың диагностикасы рентгенографиялық қарауға, эндоскопиялық зерттеуге негізделген.

Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эндоскопиялық алу қолданылды.

«Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сондай-ақ ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы, бұл өлімге әкелуі мүмкін», - деді Тахир Закірұлы.
Болжам бұл жағдайда заттың сипаттамасымен және медициналық көмек көрсетудің уақтылығымен айқындалады.

Бүгінгі күні пациент өзін қанағаттанарлық сезінеді және бөгде затты ол әдейі енгізгенін мойындайды.
Пациент Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының заманауи емдеу әдістерін қолданатын, сондай-ақ пациенттерді емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізетін дәрігерлеріне өмірін сақтап қалғаны және жылдам, кәсіби, сапалы жұмысы үшін алғыс білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: