Алматы облысында екі жігіт әжетханаға түсіп қайтыс болды

3 Тамыз, 15:51 2430

Қайғылы оқиға бүгін болған. Ер адамдардың бірі 1995 жылы, екіншісі 2000 жылы туған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ағасы әжетханаға телефонын түсіріп алып, оны алмақшы болғанда уланып қалған. Екінші жігіт ағасын құтқару үшін түскен.

«Республикалық жедел-құтқару» жасағы мекемесінің құтқарушылары мәйіттерді алып шығып, полицияға тапсырды. Құтқарушылар тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді.

Ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы зат құлатып алсаңыз, түспеңіз! Улы газдардан улану және тұншығу қаупі бар, - дейді мамандар.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: