Алматы облысы Іле ауылында Сағадат Нұрмұғамбетовтың 100 жылдығына орай джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Sagadat Batyr халықаралық ашық турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өтеген батыр ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен доданың ашылу салтанатында Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы жедел ден қою бөлімінің және кинология бөлімінің қызметкерлері арнайы көрініс көрсетті. Сондай-ақ, жарыс қатысушылары мен көрермендер Алматы облысы әскери патриоттық сыныптары тәрбиеленушілерінің қарумен жаттығуларын тамашалады.
Облыстық жастар саясаты басқармасының хабарлауынша, халықаралық жарыста 4-13 жас аралығындағы балалар бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің жасөспірімдері бар. Турнирге 400-ден астам спортшы қатысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram