Алматы облысында дүкен мен монша өртенді

24 Маусым, 21:11 546

Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жеке тұрған дүкен мен монша өртенген.

ТЖМ күштерімен өрт 60 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Ведомство өкілдері төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: