Алматы облысында дәліз құдығына түсіп кеткен екі бала құтқарылды

8 Желтоқсан, 19:10 403

ТЖМ құтқарушылары Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында ерекше құтқару операциясы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жеке тұрғын үйдің аумағында бір жасар бала терендігі екі метр дәліз құдығына түсіп кеткен.

Оны көрген сегіз жасар әпкесі көмекке асықты. Ол құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Ата-анасы құтқарушылардан көмек сұраған.  ТЖМ қызмкерлері шақырту орнына жедел жетіп, құтқару арқанының көмегімен құдықтан балаларды құтқарды, - делінген мәліметте.

Балалар зардап шеккен жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: