Алматы облысында биыл 144 адам тағамнан уланған

20 Шілде, 06:23 612

Алматы облысында жыл басынан бері 144 адам тағамнан уланған. Олардың 22-і стационарда, қалған 122-сі амбулаториялық ем қабылдаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөлімнің басшысы Әділет Сәдібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Консервідегі тағамды тұтыну, жарамдылық мерзіміне қарамау, азық-түлікті сақтау ережесін ескермеу тағамнан улануға әкелетін бірден – бір фактор. Мамандар, тағам дайындау гигиенасын сақтау уланудың алдын алуға септігін тигізетін әдіс деп отыр.

Тағамды дұрыс температурада тоңазытқышта 5°C-тан төмен және мұздатқышта -18°C –та сақтаған жөн. Бұдан бөлек, патогендерді жою үшін ет, балық және жұмыртқаны толық термиялық өңдеу қажет. Асқа абай болсаңыз, тағамнан туатын түрлі дерттен аман боласыздар»,-деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек спикер.

Оның айтуынша, егер адамда бас айналу, құсу, іш өту сынды жайсыз белгілер байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек. Үй жағдайында ем-дом жасаудан аулақ болған жөн.

Бұдан өзге брифингте Әділет Сәдібеков маусымдық вирустық ауруларға да тоқталды. Айтуынша, маусымдық аурулар жаз айларында да белең алады. Бұған ЖРВИ, тұмау жатады. Ең көп таралатын кез, күз мезгілі. Аталмыш сырқаттан сақтанудың жолы - екпе. Өткен жылы облыста 160 мың адам тұмауға қарсы вакцина алған, биыл екпе егу науқаны қыркүйек айында басталады, болжам бойынша былтырғы межеге жету көзделген. 

Перизат Саденова
Бөлісу: