Алматы облысында автожол бойынан ер адамның мәйіті табылды

27 Қыркүйек 2022, 21:14 958

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді

Алматы облысында автожол бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Өлімін себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.

Ер адамның жасы 35-40 шамасында.

«Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.

Бөлісу: