Алматы облысында 18 өрт сөндіру бекеті жетіспейді

14 Маусым 2023, 15:46 798

Алматы облысында мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 13 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді, онда 109 бірлік техника бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Абай облысында болған соңғы оқиғаларға байланысты Алматы облысы аумағын өртке қарсы қорғауды күшейту мәселесі көтерілгенін айтты.

Облыстың елді мекендерін толықтай қорғау үшін қосымша кемінде 18 өрт сөндіру технткасын алу қажет.  2019-2022 жылдар аралығында облыста 49 өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, - дейді әкім. 

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 2 шығуға арналған өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.   Сонымен қатар, 2023 жылы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 автокөлікке арналған құрамалы құрылымдардан модульдік өрт сөндіру бекетін салуға 459 млн 838 мың теңге сомасында жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.   

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес 2023-2024 жылдар кезеңінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тағы бір 2 автокөлікке арналған Қарасай ауданы Шамалған станциасында, және Талғар ауданы Нұра ауылында 2 өрт сөндіру бекеттерін салуға  жобалық-сметалық құжаттама дайын.     

Әзірлеу сатысында Қонаев қаласында 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен 18 бірлік өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасын сатып алу жоспарлануда, - дейді аймақ басшысы.

Облыс аумағында 3,2 миллион гектар жер,мемлекеттік орман қорының ерекше қорғалатын аумақтарын алып жатыр, оның 1,6 миллион гектары ормандар.  Табиғи өрт қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы күштермен уәкілетті органдар, халықты хабардар ету және ескерту үшін, жоспарлары мен құралдары, сондай-ақ байланыс схемаларын түзетіп отыр.  

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, елді мекенге іргелес 124 аумақта құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қалдықтар тазартылды.  Орман өрттерін жоюға дайындықты қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 81 млн 414 мың теңге бөлінді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: