Алматы облысында 17 жастағы баланың мәйіті табылды

13 Сәуір 2023, 18:27 998

Алматы облысы Саты ауылында 2006 жылғы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 2006 жылғы кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мәйіті 11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған. Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді, - делінген ақпаратта.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам УҰИ-ға қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: