Алматы облысында 14 жасар бала автобус жолаушыларын құтқарып қалды

23 Қараша 2023, 15:28 2002

Алматы облысында 8 сынып оқушысы дер кезінде әрекет етіп, бір автобус жолаушыларын аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған.

Сол кезде жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан. Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі – Ақжол, ол  24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы, – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінде.

Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: