Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылған. Күдіктілер қамауға алынды.
"Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.