Алматы облысына бөлінген инвестиция жарты жылда 267 млрд теңге болған

20 Тамыз 2023, 15:26 1106

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялардың бірінші жартыжылдығында Алматы облысынан 4% тиесілі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ал облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялардың өсуі 119,4% құрады, оның 25,8%(68,9 млрд) – Іле ауданына, 24,1%(64,4 млрд теңге) - Қарасай ауданына тиесілі. 65,7% (175,5 млрд) өз қаражатынан инвестицияланды. Қалғаны қарыз (53,9 млрд) және бюджеттік (37,6 млрд) қаражатқа тиесілі.

Салалық бөліністе инвестициялардың жалпы көлемінің 24,6% (65,6 млрд) өнеркәсіпке бағытталған. Оның ішінде 31,6 млрд – өңдеу өнеркәсібіне, тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға 20,5 млрд.

Өңірдегі инвестициялар үшін жоғарғы бағыттарға жылжымайтын мүлікпен операциялар (101,3 млрд), Көлік және қоймалау (41,5 млрд) кіреді.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 13 млрд 843,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% - ға артық.

Асқар Таудай
Бөлісу: