13 ақпан жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлім қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы-Өскемен автожолында, Арман ауылының маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиэтилен пакеттің ішінен Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін BENELLI 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Қонаев ҚПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.