Алматы мен Жамбыл облыстарының белсенді жастары Талдықорғанда кездесті

23 Қыркүйек 2019, 12:09 2887

Талдықорғаның Достық үйіне «Мәдениеттер калейдоскобы» атты этномәдени бірлестіктердің өңіраралық туры аясында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жастары, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабтарының мүшелері келді.


Аталған тур шеңберінде екі облыстың белсенділері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ортақ құндылықтарды қалыптастырып, қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын, құндылықтарын Қазақстан халқы арасында кеңінен насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске асыру жолында бірқатар іс-шараларды іске асырды.


Екі күндік тур аясында қонақтар Талдықорған қаласындағы М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында болып, І. Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайымен танысты, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығын» аралады.

Тур шеңберінде Жамбыл және Алматы облыстарының «Жаңғыру жолы» ЖҚ штабы мүшелерінің кездесуі өтті.


Сонымен қатар депортацияланған этностардың ризашылығы ретінде Үштөбе қаласында салынған «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішінде болып, Кемел Тоқаев атындағы мектеп мен мұражайды аралап көрді.

Бөлісу: