Алматы маңындағы тауларда аяғы мен қолы сынған турист құтқарылды

22 Тамыз, 00:21 536

Алматыда кешке шатқалда зардап шеккен адам туралы хабарлама келіп түсті. ТЖМ мәліметінше, Іле Алатауының Башут шыңында құлаған 21 жастағы ер адамға көмек қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристке алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін альпинистік жабдықтар мен зембілдің көмегімен зардап шеккен адам 3400 метр биіктіктен эвакуацияланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: