Алматы маңында жер сілкінді

31 Мамыр 2023, 04:20 601

Сейсмологтар Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі таратқан ақпаратқа сәйкес, 30 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 23.45-те жер сілкінген.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.8

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі – 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Берік Арманов
Бөлісу: