Алматы маңында жер сілкінді

11 Сәуір 2023, 17:51 845

Алматыдан 80 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Кезекші оператордың хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 11 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 17:02-де тіркелген.

Эпиорталығы Алматыдан 80 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,8.

MPV магнитудасы – 4,6.

Эпиорталық координаттары – 43.81° с.е. және 77.46° ш.б.

Тереңдігі - 15 км.

МSК-64 бағаны бойынша жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

EL.KZ
Бөлісу: