Алматы маңында жер сілкінді

29 Тамыз, 11:35 819

29 тамыз күні Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, зілзала 01:47-де болған.  

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жерде- Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7,7.

Магнитудасы MPV 3.7.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: