Алматы ҚХА-сы 200-ден астам балаға Жаңа жылдық мереке сыйлады

8 Қаңтар 2020, 09:57 2745

Алматыдағы республикалық Достық үйінде балаларға арналған «Жаңа жылдық шыршалар» өтті.

Алматыдағы татар қоғамдық-мәдени орталығы және «Ильдаш» гуманитарлық даму орталығы көп балалы отбасындағы балалар мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарындағы қант диабеті, церебралды сал және т.б ауыруларына шалдыққан балалар үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.

Балаларға сыйлықтар мен тәттілер, «Медеу» мұз айдынына билеттер, татар тіліндегі кітаптар тарту етілді.

«Филия» Қазақстан грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданидидің басшылығымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы балаларға жаңа жылдық ойын-сауық бағдарламасы, сыйлықтар мен тәттілер ұсынылған мереке ұйымдастырды.

Қауымдастық балаларға арнап жаңа жылдық қойылымдарға билеттер сыйлады. Барлығы қайырымдылық шараларына 200-ден астам бала қатысты.

Бөлісу: