Алматы-Камран және Астана-Дубай рейстері неліктен кешіккені анықталды

20 Ақпан, 18:35 641

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 20 ақпандағы VJ 062 рейсі «Vietjet» әуе компаниясының Алматы – Камран бағыты бойынша кесте бойынша сағат 02:05-те ұшуы тиіс болатын. Алайда техникалық себептермен ұшақтың кешігіп келуіне, сондай-ақ экипаждың жұмыс уақыты ережелеріне байланысты рейс кейінге шегерілді. Рейстің ұшуы 20 ақпанында сағат 23:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық жолаушы қонақ үйге орналастырылған, оларға сусындар, ыстық тамақ берілуде.

«Fly Dubai» әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша биыл 19 ақпандағы FZ 1304 рейсі бастапқыда 19 ақпандағы сағат 05:05-те ұшуы керек болатын, алайда техникалық ақау себебінен рейс ағымдағы жылғы 20 ақпандағы сағат 21:30-ға дейін кешіктіріледі, - делінген мәліметте.

Жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, ыстық тамақ берілген. Сондай-ақ жолаушыларға әуе билеттерін қайта броньдау және толық қайтару ұсынылды.

Сонымен қатар туристік пакет шеңберінде әуе билеттерді сатып алған жолаушылар туроператорларға хабарласуы қажет.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: