Алматы халықаралық әуежайында такси тарифтерін белгілеу ұсынылады

15 Маусым 2023, 20:15 838

Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесі аясында қаланың кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының, Авиациялық көлік прокуратурасының, Алматы қаласының туризм басқармасының, Алматы қаласының халықаралық әуежайының, Алматы қаласының халықаралық әуежайының ЖПҚ, Түрксіб ауданының ЖПҚ, Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы қаласы ІІД-нің, Қазақстандық туристік қауымдастықтың, Алматы қ. ТЖК өңірлік палатасының және тағы басқаларының өкілдері енді. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтері (AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және т.б.) ұсынатын таксилердің құнын талдады, жүрудің орташа бағасы есептелді. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері отырған жерден баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси класына байланысты 1200-ден 12000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары баға әуежай терминалынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум сегментінде көрсетіледі, - делінген мәліметте.

Айта кетерлігі, бұл тұрақты емес, бірақ жолаушылар үшін ұсынылатын баға, такси қызметтерінің құны ауа райын, сұранысты және басқа деректерді ескере отырып өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере отырып, жолаушылар баға саясатын басшылыққа ала алады.

Туристер үшін осы ұсыныстарды әзірлеудің мақсаты – жауапсыз такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін реттеу.

Перизат Саденова
Бөлісу: