Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 42% өсті

17 Маусым 2023, 00:31 722

Алматының 2022 жылғы жергілікті бюджет кірісі 1 175,1 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала бюджетінің кірістер құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі, ол 164,2 млрд теңге көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен асып, 1 122,1 млрд теңгеге жеткен. 2021 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 332 млрд.теңгеге немесе 42% ұлғайды, - дейді Бердіқұлов.

2022 жылы салықтық емес түсімдер 16,5 млрд теңге болды. Негізгі капиталды сатудан түскен кірістер 36,4 млрд теңгеге жетті, жоспар 23,8%-ға асыра орындалды.

Қаңтар оқиғасында бизнеске келтірілген залалмен байланысты жылдың ауыр басталуына қарамастан, әкімдіктің ШОБ-ты қалпына келтіру және қолдау бойынша уақытылы қабылдаған шаралары, сонымен қатар, МКД әкімшілендіруді жақсарту салықтан түсетін түсімдерді көбейтуде оң нәтижесін берді, - деді Алтай Бердіқұлов.

2022 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде 15,9% республикалық бюджеттен 224,1 млрд теңге сомасында трансферттер (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсім), 0,6% - бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін түсімдер, 0,01% - қаржы активтері мен бюджет несиесін сатудан және 0,1% - бюджет несиесін өтеуден түсетін түсім.

2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша түсімдер 340,7 млрд теңге болды, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,2 млрд теңгеге немесе 69% көп.

Берік Арманов
Бөлісу: