Алматы облысы Жамбыл ауданында жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы-Бесмойнақ автожолының 77 шақырымында болған. Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен соқтығысқан. Содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысуға жол берген.
Жол апатыннан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.