Алматы әуежайының президенті айына 20 млн теңге алады

7 Маусым 2023, 13:40 845

Қазақстан әуежайының басшылығы биліктен тарифтерді бес есе ұлғайтуды сұрады,

Бұл негізінен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Ер Тунга Ерсойдың ұсынысы болды.

«Азаматтық авиация өте жылдам дамып жатыр, тиісінше даму процесінде сауалдар аз емес. Біздің дауысымыз естілгенін қалаймыз, - деді ол.

Ерсойдың айтуынша, Алматы әуежайындағы тариф еуропалық елдермен салыстырғанда 3-4 есе төмен. Ол әуежайдың негізгі кірістерді әуежай төлемдерінен емес, жанармай сату арқылы алатынын түсіндірді.

Егер әуежайлан жанармаймен қамтамасыз етуді алып тастасақ, ол әрі қарай өмір сүре алмайды. Өткен жылдың шілдесінен бастап авиакеросинді зауыттан тікелей сатып ала алмай жатырмыз. Жанар-жағармайды импорттық көздерден алуға мәжбүрміз. Ал бұл 20-30% қымбат, – деді ол.

Осылай деп ақша сұрап жүрген Алматы әуежайының президенті айына 45 мың доллар, яғни 20 миллион теңге алатын болып шықты.

Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

Түркиядан келген үшінші сортты менеджер Алп Ер Тунга Косой, бүгінде Алматы әуежайының президенті айына 45 мың доллар, яғни шамамен 20 миллион теңге алады. Бұған оның жүріп-тұруына, іссапарларына жұмсалатын қаржы кірмейді, - деп жазды тілші.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: