Алматы әуежайында «Тәтті кәдесый сыйлыққа» акциясы өтеді

Кеше, 07:35 343

21-23 наурыз аралығында Алматы халықаралық әуежайында  «Тәтті кәдесый сыйлыққа» акциясы өтеді. Бұл бастама мерекелік атмосфера қалыптастыруға және қазақтың қонақжайлығын көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Акция ұйымдастырушылары - қалалық туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы, «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы және «Жетісу» кеден бекеті.

Жоспар бойынша шамамен 10 000 шетелдік жолаушыға ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәтті печенье сыйға беріледі. Сонымен қатар, әуежайда арнайы баннері бар фотоаймақ орнатылып, келушілер дәстүрлі шапан киіп, естелік суретке түсе алады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: