Алматы әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

16 Ақпан, 16:14 492

Толассыз жауған қарға байланысты Алматы әуежайында ондаған әуе рейсі кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдан ұшатын:

2 рейс тоқтатылды (FlyArystan – Қызылордаға, Air Astana – Астанаға)

11 рейс кейінге шегерілді (Air Astana – Дели, Астана (2 рейс), Доха, Қызылорда, FlyArystan –Семей, Қостанай, Өскемен, Түркістан, Qazaq Air – Астанаға, Scat – Мәскеуге (Внуково)

Алматыға келуі тиіс:

3 рейс тоқтатылды (FlyArystan – Қызылордадан, Air Astana – Өскеменнен және Астанадан)

16 рейс кейінге шегерілді (Qazaq Air – Көкшетаудан, FlyArystan – Атыраудан, Семейден, Scat – Ақтөбеден, Жезқазғаннан, Мәскеуден (Шереметьево), Атыраудан, Тараздан, Air Astana – Душанбеден, Дубайдан, Ташкенттен, Қызылордадан, Астанадан, Делиден, Дохадан, Wizz Air – Абу-Дабиден).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: