Алматы әуежайында рейстен кешіккен Fly Arystan жолаушылары шу шығарды

19 Тамыз, 21:38 686

Алматы әуежайында Fly Arystan әуе компаниясының жолаушылары шу шығарды. Оқиға 19 тамызда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

@kkris.p.media паблигі оқиғаның видеосын жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, SMS ескертпе хабарламасындағы қатенің кесірінен жолаушылар KC 7053 рейсіне кешігіп келген. 

Әуе компания өз кінәсін мойындап, жолаушыларға шығынды өтеп берген. Бірақ бұл рейстен кешіккендерді сабырға шақыра алмады. Олар шу шығарып, жолаушылардың бірі тіркеу жүргізу үстеліндегі әуежай мүлкіне зақым келтірген. 

Оқиға орнына полицейлер шақыртылды. Көліктегі полиция департаменті  аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. 

19 тамызда Алматы әуежайындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Fly Arystan әуе компаниясының "Алматы-Астана" рейсі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушылардың бірін анықтады. Тексеру барысында 31 жастағы әйелдің өзін жөнсіз ұстап, әуе компания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқаны анықталды. Сонымен қатар ол тіркеу үстеліндегі мониторды зақымдады,-делінген ведомство хабарламасында. 

Жанжал шығарған әйелге қатысты ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Krispi Media | Новости Казахстана и Мира (@kris.p.media)

 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: