Бүгін сағат 09:00-17:00 аралығында Алматы халықаралық әуежайының аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, шара кезінде әуе және автокөліктердің қозғалысына шектеулер жоқ.
Оқу-жаттығу тапсырмалары адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған, - делінген мәліметте.
Полиция азаматтардан қауіпсіздік талаптарын сақтауды, құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауды, жалған ақпарат таратпауды сұрайды.