Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген Моңғолия азаматы ұсталды

5 Қазан, 10:35 712

Алматы халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап  El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Польшаның құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін іздеу жариялаған. 

Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: