Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті

19 Қаңтар 2023, 15:41 1446

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2023 жылы халықпен алғашқы кездесуі Алатау ауданында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қала басшысы ауданның дамуы және өткен жылы тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 300-ден астам адам келді.

Алатау ауданын дамытудағы маңызды аспектілердің бірі тұрғындарды орталық коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселесі болып табылады. Өткен жылы ауданда 187 км орталық сумен жабдықтау және кәріз желілері реконструкцияланды. 2023 жылдың соңына дейін тағы 20,5 мың үйді сапалы желілермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Алатау ауданын саяжай алаптарынан басқа инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз ету 2025 жылдың басына жоспарлануда.

Ауданда жол инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыру өзекті мәселе болып қала береді. Өткен жылы ауданның 53 көшесінде ұзындығы 42 км жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 35 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2023 жылы ұзындығы 38 км болатын тағы 50 көше жөнделеді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мөңке би көшесінде жолайрығын салау және Саин көшесін ұзарту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда, соның арқасында қаланың негізгі магистральдық көшелерінен, оның ішінде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінен көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды.

Өткен жылы қала әкімімен өткен кездесулерде аудан тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына – ақаулары бар ескі автобустарға, бағыттардың аздығына және қозғалыс аралықтарының бұзылуына елеулі сын айтқан болатын. Өтініштер мен тілектерді ескере отырып, төрт жаңа бағыт ашылып, екеуі ұзартылды. 4 бағыттағы 52 автобус жаңартылды. Осылайша, ауданның автобус паркі толығымен жаңарды.

Өткен жылы ауданда 40 аялдама орнатылды, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 50 аялдама жасалады, осылайша Алатау ауданында аялдамалардың жетіспеушілігі мәселесі шешілетін болады. 

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін өткен жылы 6300 орынды 4 мектеп ашылды, ағымдағы айдың соңына дейін 1500 орынды тағы бір мектеп ашу жоспарланған.

2023 жылы 10 050 орынды 6 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Олардың бесеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұдан басқа, І тоқсанның соңына дейін Индустриалды аймақ аумағында кәсіптік-техникалық және инновациялық технологиялар колледждерінің құрылысын бастау жоспарлануда. Әр колледжде 380 орынды жатақханалары болады, олар 720 орынға арналған.

Ауданда сыныптан тыс уақытта 5 мыңнан астам бала қатыса алатын Оқушылар сарайы, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис корттары салынуда.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін күніне 200 адам келетін 2 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Аяқталу мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан.

Бұдан басқа, ауданда 50 төсектік перзентханасы бар 350 төсектік алғашқы көпбейінді аурухана құрылысының ЖСҚ әзірленетін болады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 37 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ойын алаңдары мен воркаут-аймақтар, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, жаяу жүргіншілер аймақтары, скверлер салынады.

Ауданда үнемі су басып қалатын орындардың мәселесі белсенді түрде шешілуде. ТЖ желісі бойынша осы мәселені жедел шешу үшін өткен жылы коллекторларды, арналарды қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды. 7 учаске бойынша жұмыстар аяқталды. 3 коллектор қалпына келтірілді, 955 м арық желісі салынды. Қалған 11 учаскені жою жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

EL.KZ
Бөлісу: