Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

2 Қараша 2022, 21:29 2400

Тұрғындарды заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмауға шақырды

«Қарағайлы» шағын ауданындағы «Французский дом» тұрғын үй кешені рұқсатсыз салынып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәләм етті, деп хабарлайды El.kz

Әкімдік таратқан дерекке сенсек, меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінде тұрғын үй кешенін салып жатыр.

«Қала құрылысын бақылау басқармасы шілде айында нысанды жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша меншік иесі ӘҚБтК-нің 316-баптың 1-бөлігі, 321-бап бойынша жауапқа тартылды, сонымен қатар, аталған заң бұзушылықты 19 қазанға дейін жою туралы бұйрық шығарылды. Бұйрық мерзімі өткен соң оны орындау үшін қайта тексеру тағайындалды, қазір құжаттары прокуратурада тіркеуден өтуде»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге, басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу туралы талап-арызды сотқа жолдады.

«Айта кетсек, басқарма +7 (727) 229-81-36 нөмірлі сенім телефонын іске қосты, бұл арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеруге болады»,- деп атап өтті қалалық әкмідіктен.

EL.KZ
Бөлісу: