Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі монша құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

7 Маусым, 10:20 514

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Нысанның құрылысына жобалау алдындағы құжаттаманы меншік иесі (жеке тұлға) алған жоқ.

Визуалды тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды, ал «Орловские банидің» жарнамасы бар баннер жойылды. Айта кетейік, сол аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген.

Басқармада құрылысы тоқтатылған нысанда заң бұзушылықтар анықталған және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні айтылды.

Бұрын меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқама толықтай орындалмаған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: