Алматы әкімдігі алаяқтарға байланысты ескерту жасады

21 Шілде, 16:57 649

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атын жамылған алаяқтар жалған хабарлама таратқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз, - делінген әкімдік ақпаратында.

Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн. 

Бұл сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі, - деп жазды әкімдік.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: