Алматы академиясы мен Полиция департаменті сенбілік өткізді, деп хабарлайды El.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Алматы полициясы мен Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы экологиялық сенбілік өткізді. Аталған сенбілікке қалалық Полиция департаменті мен Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ұжымы қатысып, қала тазалығына айтарлықтай үлес қосты.
Сенбілікке қатысушылар М.Әуезов атындағы академиялық театрдың маңайындағы Есентай өзенінің арнасын тазалады.
Акцияның мақсаты — қоршаған орта мен айналамызды таза ұстап, табиғаттың ластануына жол бермеу. Алматыда өткен тазалық жұмыстарына Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров пен Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков бастаған басшылар мен 800-ге жуық қызметкер қатысты.