Алматы-3 теміржол вокзалы қашан салынатыны белгілі болды

5 Ақпан, 11:30 4404

Алматы қаласында үшінші теміржол вокзалы салынады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа вокзал Алатау ауданының аумағында салынады. Жаңа вокзалдың жобасын 2027 жылға қарай аяқтау жоспарда тұр.

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді.

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, қала мен қала маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін электр пойызын іске қосылады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: