Алматының емендері

27 Желтоқсан 2016, 14:50 13382

Алматыда екі емен ағашы бар.

Еменнің әлемде 600-ге жуық түрі бар десек, Қазақстанда оның бір түрі ғана кең тараған. Ол – кәдімгі  емен. Бірқатар зерттеушілер еменді қазақ жеріне патшалық Ресей тұсында Еуропаның ішкері аймағынан қоныс аударғандар таратқан дегенді айтады. Дегенмен бұл пікірмен келісу қиын. Өйткені басқаны айтпағанда, тек Алматының өзінде 300 жылдан астам уақыттан бері өсіп тұрған 2 емен ағашы бар. Оның біреуі Хайуанаттар бағы аумағында, екіншісі Шевцева-Зверова көшелерінің қиылысындағы №109 балабақша ауласында өсіп тұр.

«Емен ағаштың иілгені – сынғаны, Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені» дейтін бабаларымыз  еменді білмеді дегенге ешкім сенбейтіні анық. Ендеше қазақ жеріне еменді өзге ұлттық өкілдері әкеп өсірді деген бос сөз. Оған Алматының емендері дәлел бола алады. Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта  да 2001 жылы Нұрсұлтан Назарбавтың өз қолымен еккен емен ағашы жайқалып өсіп тұр.

Биіктігі 40-50 метрге дейін жететін және өте ұзақ жасайтын бұл ағаштың қанша жылға дейін өмір сүретінін ғалымдар әлі де нақты айта алмады. 1000-1500 жыл деп шамалап ғана айтып жүр. Дегенмен жер бетінде бір емес бірнеше мың жылдан бері өсіп тұрған емендер де аз емес. Мәселен, 2009 жылы Францияда 13 мың жылдан бері өсіп тұрған емен ағашы табылды.

Періште емені

Ал АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Чарльстонда 1500 жылдан бері өсіп тұрған «Періште емені» әлемнің таңғажайып ағаштарының тізіміне енген.

        

Бөлісу: