Алмасадам Сәтқалиев елімізде АЭС салуға қандай мемлекеттер қатысатынын айтты

28 Мамыр, 13:26 880

Үкімет баспасөз брифингінде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтан тілшілер АЭС салатын тендерге қандай мемлекеттер қатысатынын сұрады, деп El.kz ақпарат агенттігі.

Министр тендерге Корея, Ресей, Қытай, Франция мемлекеттері қатысатынын және АҚШ пен Жапония да елімізде атом электр станциясын салуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрден АЭС бойынша референдум қашан болатынын сұрады.

Бұл мәселе жөнінде өңірлерге шығып, тұрғындармен және қызығушылық білдірген тараптармен кездесу жүргізіп жатырмыз. Жобаны іске асырудың артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілу үстінде. Осыған қатысты бірқатар өңірде қоғамдық тыңдалым өткіздік. Тұрғындар тарапынан қызығушылық пен қолдау бар екенін байқауға болады, – деді Сәтқалиев.

Бұдан өзге министр референдум өткізілетін күн әлі белгісіз екенін тілге тиек етті.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: