Алмас Тұртаев: Жолдаудың күтпеген жерден болуы соншалықты маңыздылығын да көрсетіп отыр

12 Қараша 2014, 14:14

Соңғы уақыттардағы әлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптармен беттестіріп отыр.

Биыл Жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Осыған орай Президент Жолдауына үн қосып жатқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың пікірімен бөлісіп отырмыз.

Соңғы уақыттардағы әлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптармен беттестіріп отыр. 

Күні кешегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады. 
Экономикалық сыни кезеңдерде банк секторына үнемі Мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан да болар, Мемлекет Басшысы шағын және орта бизнесті экономикамыздың күретамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігі баса айтылды. 
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың кешенді жоспары, индустриялық және энерегрикалық инфрақұрылымдарды дамытудағы мақсаттарымыз экономикамызлық қана емес сонымен қатар әлеуметтік те жаңа серпін берері сөзсіз. 
Әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, баспана мәселесі және оның қатардағы азаматтарымызға, әсіресе жастарымызға қол жетімділігін қамтамасыз етуге байланысты Елбасы талаптарын ерекше жауапкершілікпен және толық орындалуы керек. Біз өз кезегімізде дайынбыз.
Президенттің 11 қарашадағы Жолдауы қаншалықты қарқынды және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығын және аса жауапкершілікпен, жылдам, нәтижелі орындалуы керектігін көрсетіп отыр.

Бөлісу: